Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Компания туралы

Arasan Wellness & SPA сауықтыру кешені Сіздерді денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй мен тазалық әлеміне шақырады.

Қазақ тілінен аударғанда «арасан» сөзі «жылы қайнар» дегенді білдіреді. Arasan Wellness & SPA – іс жүзінде жастықтың, сұлулық пен денсаулықтың таусылмас қайнар көзі. Кешен орналасқан зәулім ғимарат мемлекетпен қорғалатын сәулет ескерткіші болып табылады.

1979-1982 жылдары салынған кешеннің ғимараты Алматы қаласының бірегей көрікті ғимараттар қатарында және өзінің әсемдігімен қонақтардың жүрегін бірден жаулап алады.

Arasan Wellness & SPA сауықтыру кешенін қалпына келтіру және одан әрі жетілдіру жұмыстарымен әлемнің ең озат инженерлері айналысты, кешенді күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы аяқталды.

Бүгінгі таңда Arasan Wellness & SPA – тек қана сәнді интерьерімен ғана емес, сонымен қатар заманауи инженерлік ойының көрінісімен ерекшелінеді. Бірегей технологиялар Шығыстың сәулет дәстүрлерімен бірлесіп Arasan Wellness & SPA кешенінің айрықшалығы мен біртумалығымен назар аудартады. Кешеннің ішкі бөлігі тек қана әсемдігімен ғана емес, сондай-ақ зарарсыздандыру қасиетімен белгілі табиғи таспен және мәрмәрмен әрлендірген.

            Интерьердің нәзік сәнділігі, мұнтаздай тазалығы, сапалы қызмет көрсету, шығыс ерекшелігі, салауатты өмір салтының мызғымас қағидаттары – осылайша 30 жылдан астам уақыт бойы өзінің тұтынушыларына көтеріңкі көңіл-күй мен тән сергектігін сыйлайтын орын. Біздің сауықтыру кешенін осылайша қысқаша түрде сипаттауға болады!

            Алматы қаласында қыдырып аралайтын басты көрнекілік ретінде Arasan Wellness & SPAкешенін таңдайтын біздің қаламыздың қонақтары ең дұрыс шешім қабылдайды. Алматыдағы демалысыңызды бізден бастаңыз!

            Arasan Wellness & SPA бұл релакс пен көтеріңкі көңіл-күйдің нағыз сарайы, бізге бір рет келген адам қайта-қайта оралғысы келеді. Бұл демалыстың, денсаулық пен сұлулықтың толық инфрақұрылымы! Arasan Wellness & SPA кешенініңқұрамына монша кешендері, моншалық люкс-нөмірлер, су шипажайы, детоксикация, SPA-күту және экзотикалық массаж бағдарламалары бөлімшесі, сұлулық салоны, лобби-бар және шағын-маркет енеді.


Онлайн-бронирование