Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Информация об оплате


Төлемдер. Онлайн банктік картамен төлеу
Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған, Сіз Тауарды Visa немесе Mastercard банктік картасымен төлей аласыз. Таңдалған тауарды растағаннан кейін CloudPayments процессингтік орталықтың төлем беті бар қорғалған терезесі ашылады, ол жерге Сіз өзіңіздің банктік картаңыздың деректерін енгізуіңіз қажет. Карта иеленушісін қосымша сәйкестендіру үшін 3D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сіздің Банк осы технологияны қолдаса, Сіз оның серверіне қосымша сәйкестендіру үшін қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендірудің ережелері мен тәсілдері туралы ақпаратты Сізге банктік картаны берген Банктен анықтайсыз.

Қауіпсіздік кепілі
CloudPayments процессингтік орталығы PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша Сіздің банктік картаңыздың деректерін қорғайды және өңдейді. Төлем шлюзіне ақпаратты беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты одан кейін беру өте жоғары деңгейдегі сенімді жабық банктік желілер арқылы жүреді. CloudPayments Сіздің картаңыздың деректерін бізге және өзге үшінші тұлғаларға табыстамайды. Карта иеленушісін қосымша сәйкестендіру үшін 3D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сізде жасалған төлемдер бойынша сұрақтар туындаса, support@cloudpayments.kz. клиенттерді қолдау қызметінің электронды поштасына хабарласуыңызға болады.

Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі
Сіздің ұсынатын жеке ақпаратыңыз (аты, мекенжайы, телефон, e-mail, несие картаның нөмірі) құпия болып табылады және жариялауға жатпайды. Сіздің несие картаңыздың деректері шифрланған түрде табысталады және біздің Web-серверде сақталмайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «CloudPayments Kazakhstan» ЖШС кепілдік етеді. Төлем карталарымен жасалатын барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ақпаратты беру кезінде карталық онлайн-төлемдер қауіпсіздігінің арнайы технологиялары қолданылады, деректерді өңдеу процессингтік компаниялардың қауіпсіз жоғары технологиялық серверлерінде жүргізіледі.


Құпиялылық
1. Анықтау
http://arasan-spa.kz (одан әрі – URL, «біз») интернет жобасы http://arasan-spa.kz (одан әрі – «сіз», «сайтқа келушілер») сайтының өз клиенттері мен пайдаланушыларына қатысты ақпараттың құпиялылығына жете мән береді. Дербестендірілген деп біз сайтқа келушілердің жеке деректерін қамтыған ақпаратты (мысалы: ТАӘА, логин немесе компания аты), сонымен қатар URL сайтында сіздің жасаған әрекеттеріңіз жайлы ақпаратты айтамыз (мысалы: сайтқа келушінің байланыс ақпаратымен қоса тапсырысы). Анонимді деп біз нақты сайтқа келушімен теңестіруге мүмкін болмайтын деректерді айтамыз (мысалы: сайтқа кіру статистикасы).

2. Ақпаратты қолдану
Нақты сайтқа келушінің дербестендірілген ақпаратын біз оған сапалы қызмет көрсету және оларды есепке алу үшін пайдаланамыз. Біз URL сайтының бір келушісінің дербестендірілген дерегін басқа сайт келушілеріне ашпаймыз. Біз ешқашан дербестендірілген ақпаратты ашық түрде жарияламаймыз және оны үшінші тұлғаларға табыстамаймыз. Ерекше болып тек осындай ақпаратты өкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жазылған жағдайлар табылады. Біз анонимді жиналған деректер негізінде құрылған есептерді ғана жариялаймыз және таратамыз. Бұл ретте есептер қызметтерді пайдаланушылардың дербестендірілген деректерін сәйкестендіру мүмкін болатын ақпаратты қамтымайды. Біз сондай-ақ анонимді деректерді ішкі талдау үшін қолданамыз, оның мақсаты URL өнімдері мен қызметтерін дамыту болып табылады.

3. Сілтемелер
http://arasan-spa.kz сайтында біздің компанияға қатысы жоқ және үшінші тұлғаларға тиесілі басқа сайттарға сілтемелердің болуы мүмкін. Үшінші тұлғалардың сайтында орналасқан мәліметтердің дәлдігіне, толықтығына және анықтығына жауап бермейміз және де осындай сайттарда сіздердің қалдырған ақпараттардың құпиялылығын сақтау бойынша ешқандай міндеттемелерді мойнымызға жүктемейміз.

4. Жауапкершілікті шектеу
Біз құпиялылық саясатын сақтау үшін қолдан келетін мүмкіндікті жасаймыз, алайда, біз, біздің ырқымыздан тыс орын алған факторлардың әсері жағдайында ақпараттың сақталуына кепілдік бере


алмаймыз, соның нәтижесі ақпаратты ашу болып табылады. http://arasan-spa.kz сайты және онда орналасқан барлық ақпарат қандай болмасын кепілсіз «осы түрінде» қағидасымен берілген. Біз қолайсыз зардаптар үшін, сондай-ақ URL сайтына рұқсаттың шектелуі салдарынан немесе сайтқа кіру салдарынан және онда орналасқан ақпаратты пайдаланғаны үшін келтірілген кез келген залалдарға жауап бермейміз.

5. БАЙЛАНЫС
Осы саясатқа қатысты сұрақтар бойынша info@velobike.kz мекенжайына хабарласыңыз info@arasan-spa.kz

Қызметтер үшін төлемді қайтару

Қате төленген сома қайтарылмайды


Онлайн-бронирование