Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Моншаға бару ережелері

 

1.  «Арасан» кешеніне келушілер барлық орындарда тазалықты, соның ішінде жалпы және жеке гигиена ережелерін мүлтіксіз сақтау қажет.

2.   Алкогольмен, есірткімен және токсикологиямен мас болған адамдарға аса қатерлі аймақтарда (жуыну бөлімшелері, шабыну бөлмелері, бассейн) болуға рұқсат берілмейді. Егер келушінің алкогольмен, есірткімен немесе токсикологиямен мас екендігін, немесе алкогольмен мас болғанын білдіретін белгілер болған жағдайда қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері осындай адамдарды кешеннен тыс шығаруға немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерін шақыруға құқылы.

3.   Барлардан басқа, арнайы осы үшін белгіленген аймақтардан басқа жерлерде ас өнімдерін және алкоголь сусындарын ішуге рұқсат берілмейді.

4.   Барлық аймақтар шылым шегуден тыс аймақ болып саналады. Шылымды арнайы белгіленген орында ғана атуға рұқсат беріледі.

5.  Барлық жерлердегі температура режимі тек қана монша кешені қызметкерлерімен орнатылады.

6.  Келушілер монша кешені қызметкерлеріне ілтипатпен қарауы тиісті.

7.   Келу ережелерін, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, «Арасан» кешенінің қызметкерлеріне дөрекі қарым-қатынасы, кешеннің мүлкін жойғаны немесе бұзғаны, аса қауіпті аймақтарда (жуыну бөлімшесі, шабыну бөлмесі, бассейн) қауіпсіздік техникасын сақтамағаны үшін әкімшілік немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тәртіп бұзушыға алдын ала ескерту жасаумен қатар, монша кешенінен төленген қызметтер ақысын қайтармай-ақ шығарып жіберуге құқылы.

8.   Моншаға барар алдында міндетті түрде өзіңіз емделетін дәрігермен өз денсаулығыңыздың жай-күйі туралы кеңес алуыңыз қажет.

9.   Монша кешенінің аймағына 4-тен 18 жасқа дейінгі балалар тек қана ата-аналарымен бірге жіберіледі, ата-аналары «Арасан» кешені аумағында өз балалары үшін толық жауапкершілікті атқарады.

10.  4 жасқа дейінгі балалар кешен аумағына жіберілмейді.

11.  Монша кешенінің әйелдерге немесе ерлерге арналған бөлімшесіне балалармен (4 жастан бастап) баруға, ата-анасының біреуінің міндетті түрде ілесіп жүруімен, бала жынысына қатаң сәйкестікте жол беріледі.

12.  Монша кешенінің жұмыс істейтін күндерінде (сейсенбіден жексенбіге дейін), оның сағат 23:30-да жабылу уақытын ескере отырып, кіру билеттерін сату мына талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • Монша кешенінде 3 сағат дем алуға арналған билетті қонақтар сағат 20:10-ға дейін сатып ала алады;
  • Монша кешенінде 2 сағат дем алуға арналған билетті қонақтар сағат 21:10-ға дейін сатып ала алады;
  • Монша кешенінде 1 сағат дем алуға арналған билетті қонақтар сағат 22:10-ға дейін сатып ала алады.

13. Құрметті қонақтар, берілген білезіктерді ауыстыру тек Сіздің жеке  киім ауыстыру шкафындағы электронды құлыпта ақау болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

14.  Монша кешенінен ақысы төленген уақыттан кешігіп шыққаны үшін мерзімі өткен әрбір минутқа жұмыс күндерінде минутына 30 теңге және демалыс күндерінде минутына 40 теңге мөлшерінде міндетті қосымша ақы көзделген.

15.  Шығу кассасында кезек көп болған жағдайда, кешенде жүру уақытын есептегішті тоқтату үшін білезікті Сіздің оң немесе сол жағыңызда орналасқан есептегішке екі рет тақау қажет.

16.  Монша кешенінде өздігінен шаш бояуға, қырынуға және тырнақ алуға қатаң тыйым салынады. Осы ережені бұзғаны үшін тиісті айыппұл салынады.

17.   Жалға алынған аксессуарлармен аяқ киім тазалауға қатаң тыйым салынады.

18.  «Арасан» кешенінде жалға алынған аксессуарларды бүлдіргені үшін, атап айтқанда маталарды бояу немесе аксессуарлардың бүтіндігін бұзғаны үшін сәйкес айыппұлдар салынады.

19.   Құлауды және жарақат алуды болдырмау үшін жоғарғы жағы табанның сүйек-бақайшақ буындарының түйісетін жерін сыртынан жауып тұратын «пантолет» үлгісіндегі резеңке шәркейді пайдалануға кеңес беріледі.

20.  Монша кешенінің шығыс бөлімшесіндегі залда тыныштық сақтаңыздар.

21.   Монша кешенінде орнатылған еден үстілік таразыға аяқ киіммен тұруға қатаң тыйым салынады.

22.  Монша кешенінен «Арасан» кешенінің жұмыс кестесінде көзделген ресми жабылу уақытынан кешігіп шыққаны үшін, 30 минут (сағат 23:30-24:00) шегінде кешігуді есепке алғанда, мерзімі өткен минуттар санына тәуелсіз, 5000 теңге айыппұл салынады.

23.  Монша кешенінің ерлерге арналған бөлімшесіндегі киініп-шешінетін бөлмелерде қонақтардың жалпы қауіпсіздігі және жеке заттарының сақталуы мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнежазбалардың материалдары қатаң құпиялылықта сақталады. Оларға қолжетімділік оқыс жағдайлар туындаған кезде құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне ғана беріледі. Камера жазбалары екі апта бойы сақталады және оқыс жағдайларды тексеру кезінде дәлелдемелік база ретінде пайдаланылады.

24. Arasan Wellness & Spa кешеннің келушілері ақылы автотұрағында жеке автокөлікті, монша кешені ішінде болған уақытқа ғана орналастыруға құқылы.

25.  «Арасан» кешенің әкімшілігі Сіздің моншаға керек-жарақтарыңызбен құнды заттарыңыздың демалыс кезінде монша кешені аумағында бүлінуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті көтермейді. Өз заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз. Аса құнды заттарыңызды сақтау үшін сақтау камераларын пайдаланыңыз.

 

Жеке заттарды сақтау ережелері 

1.  «Арасан» монша-сауықтыру кешеніне кірер кезде келуші өзінің сыртқы киімін гардеробқа тапсыруға, ал жеке киімдері мен заттарын шешіну бөлмесіндегі шкафқа салуға тиісті.

2.  Бағалы заттарды, соның ішінде ұялы телефондар мен ақшаны монша-сауықтыру кешенінің 1-ші қабатында орналасқан сақтау камерасына тапсыру қажет. Сақтау бойынша қызмет ақысыз түрде іске асырылады.

3.  Сақтау камерасынан тыс жерлерде қалдырылған заттар мен бағалы заттардың бұзулуы, жоғалуы мен жетіспеушілігі үшін «Арасан» кешені жауапкершілік тартпайды.

4.  «Арасан» кешені ғимарат жанында немесе «Арасан» монша-сауықтыру кешенінің жанындағы тұрақта қалдырылған автомашиналар үшін жауапты емес.

 

Шешіну, душ және жуыну бөлмелерін қолдану ережелері

1.  Шкафтарда, орындықтарда қоқыс қалдырмау қажет.

2.  Есігі жабылмаған шкафтардағы өз заттарын қараусыз қалдыруға болмайды.

3.  Монша құралдарын (жабындылар, монша халаттары, орамалдар, аяқ киім) басқа мақсатта қолдануға болмайды.

4.  Басқа орындарда (шешіну, жуыну бөлімшелері, душ, массаж кабинеттері, шабыну бөлмесі, бассейн) жабындыларды жерге тастауға болмайды.

5.  Өз заттарыңызды ұмытпаңыздар.

6.  Ғимараттан «Арасан» монша-сауықтыру кешенінің мүлкін алып шығуға тыйым салынады.

 

 

Массаж залында қызмет көрсету ережелері

1. Моншаларда массаж қызметі келушіде келесі жалпы қарсы көрсетімдер болған жағдайда көрсетілмейді:

- терінің, ішкі органдардың асқынған және созылмалы аурулары, ашық жаралар мен қотырлар болғанда, асқынған аллергиялық реакция болғанда;

- лимфа тамырлары мен бездері қабынғанда;

- кез келген органда белсенді түрде туберкулез процессі болғанда;

- инфекциялық аурулар;

- жүктілік.

2. Монша-сауықтыру кешенінің массаж залында осы ережелерді бұзушылар сеанс соңына дейін осы қызмет түрін алу құқығынан айырылады.

 

Шабыну бөлмелерін қолдану ережелері

1. Шабыну бөлмесіне барар алдында қарсы көрсетімдер бар-жоғына дәрігерден кеңес алу қажет.

2. Шабыну бөлмесіне кірер алдынды жылы сумен шайынған жөн. Сосын сүртініп, басты сулаудың қажеті жоқ.

3. Шабыну бөлмелеріндегі орындықтар әртүрлі биіктікте орналасқан. Сізге температурасы жайлы биіктікте орналасқан орындықты пайдаланыңыз.

4. Шабыну бөлмелерінде болу ұзақтығы Сіздің ағзаңыздың денсаулығының жай-күйі мен мүмкіндігіне сәйкес таңдалады.

5. Шабыну бөлмесіне кірер кезде бас тамырларын қатты қыздырмау үшін бас киім киген дұрыс болады.

6. Ыстық тас пешпен абай болыңыз.

7. Қыздырылғаннан кейін біртіндеп салқындаған, контрасты душты қабылдап, салқын бассейнге түскен жөн болады.

8. Температураның күрт өзгеруі денсаулық үшін кейде қауіпті. Шабыну бөлмесінен шыққаннан кейін денеңіздің қалыпты температурасы мен қан қысымы қалпына келгенге дейін тым ыстық немесе тым суық душты қабылдамаңыз.

9. Орыс бу бөлмесіндегі пеш құрылғысының бүлінуінің алдын алу мақсатында өз бетінше пешке су құюға тиым салынады.

10. Фин шабыну бөлмесіне резеңке шәркеймен кiруге тыйым салынады. Өтінеміз, шабыну бөлмесіне кірер алдында резеңке шәркейлеріңізді шешіп қоюңызды сұраймыз.

11. Фин шабыну бөлмесіндегі электр каминіне сұйылтылмаған эфир майларын және өзге де хош иісті сұйықтарды құюға тыйым салынады.

12.  Шабыну бөлмесінде скрабтар мен маскаларды жане тағы басқа бетке, денеге арналған  өнімдердi пайдалануға тыйым салынады.

13. Түрік бу бөлмесіне монша сыпыртқыларымен кіруге қатаң тиым салынады.Өтінеміз, монша сыпыртқыларын орыс бу бөлмелерінде пайдаланыңыздар!

14. Температуралық режимнің бұзылуыныңалдын алу мақсатында қол асты құралдар көмегімен бу бөлмесі есігінің өздігінен жабылуына кедергі келтіруге тиым салынады. Бұл ережелерді бұзғаны үшін сәйкес айыппұл салынады.

15. Шабыну бөлмесіне баруға тыйым салынады:

- Өте жедел жаттығулар жасағаннан кейін 30 минут ішінде;

- Тамақты тойып ішкеннен кейін 1,5-2 сағат ішінде;

- Аш қарынға;

- Алкогольмен, есірткімен және токсикологиялық заттармен мас болғанда;

- Іріңі бар ауру не жарақат болғанда;

- Кез-келген өзін жайсыз науқас сезінген кезде.

 

Бассейнді қолдану ережелері 

1. Бассейнге барар алдында денені жөкемен сабындап душ қабылдау қажет.

2. Өте мұқият болыңыз, абайлаңыз, жуыну, душ, шабыну бөлімшелеріндегі, баспалдақтар мен бассейннің еден беттері тайғақ болуы мүмкін. Жақтаулардан ұстап жүріп, резеңке аяқ киімді міндетті түрде кию қажет.

3. Хауізде тек бір реттік  киіммен немесе киімсіз шомылуға рұқсат етіледі. Жүзу қалпағын пайдалану міндетті. Іш киіммен, спорттық қысқа балақты шалбарлармен және төменгі іш киіммен шомылуға тиым салынады.

4. Бассейндегі су бассейндерге арналған ережелер мен нормаларға сәйкес іске асырылады. Су тазалығы келушілердің жеке гигиенасын сақтамағаны нәтижесінде бұзылған жағдайда кешен жауапкершілік тартпайды.

5. Сөзсіз қарсы көрсетімдер:

- Әртүрлі жерлердегі қатерлі және қатерсіз ісіктер, остеомелиттер, трофикалық жаралар, перифериялық тамырлардың атеросклерозы, церебралдық күйзелістермен ми тамырлары артериосклерозымен үйлескен тромбангиит;

- Тамырлар аневризмалары, аорталар, тромбоздар, тромбофлебиттер, үшінші деңгейлі қан айналымының жеткіліксіздігі, декомпенсация деңгейіндегі жүрек клапандарының ақаулары, кенет пайда болатын миокардтың асқынған ишемиясы;

- Тромбоздарға және қан құйылу қаупі бар ми тамырларының нақты склерозы, жасушалары бұзылу стадиясындағы бронхоэктатикалық ауру, үшінші деңгейдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, асқынған жүрек тамыр жеткіліксіздігі, өкпенің қабынуы, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі, туберкулездің асқынған түрлері, мерез аурулары, психикасы едәуір өзгерген жүйке аурулары.

6. Уақытша қарсы көрсетімдер:

- Терінің, тырнақтардың әртүрлі аурулары, бастың шаш өсетін бөлігінің себебі белгісіз, жұқпалы және зең аурулары, терідегі әртүрлі қотырлар, іріңдеген жерлер, лимфа бездерінің, тамырлардың қабынуы, қан құйылу, қан ағу (мұрыннан, ішектен, жатырдан), аллергиялық аурулар, дененің жоғары температурасы, асқынған қабыну процесстері, гипертониялық және гипотониялық криздер, жүректің айнуы, жүректің ауруы, асқынған тыныс жолдарының ауруынан кейін екі-бес күн ішінде, әртүрлі аурулар мен жарақаттанған кезде ауыр жай-күй.

7. Нақты жердегі қарсы көрсетімдер:

- Сүйелдер, жарақаттар, терінің қабынуы, жаралар мен кесіктер, нейродермиттер, экземалар, лимфа бездерінің қабынуы мен ауыруы, тамырлардың трофикалық бұзылуынан түйнеліп кеңелуі, мастопатия;

- Бел аймағы мен қарын – жұмыртқа ісігі, эндометрит, әртүрлі аурулар кезінде болатын ішті қозғағанда ауруы;

- Қан ағуға бейімді іш құрылысы органдарының аурулары, асқазанның жарақат ауруы кезінде, немесе әйелдер жыныстық органдарының ауырғаны нәтижесінде қан құйылғаннан кейін, етеккір, жүктілік. Әйелдер – бала көтергеннен кейін екі ай.

- «Арасан» кешенінің әкімшілігі қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болған бақытсыз жағдайлар үшін жауапты емес және ұсыныстар мен ережелерді сақтауды өтінеді.

 

Жақсы демалыс тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Онлайн-бронирование