Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Қызмет көрсетулер

Қызмет туралы

Arasan Wellness & SPA кешенінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл жерде Сіздер біздің жан-жақты бағыттағы монша-сауықтыру кешенімен көрсетілетін қызмет түрлері туралы толық ақпаратпен таныса аласыздар.

Сіздің осыған дейін Arasan Wellness & SPA кешенінің мейманы еместігіңіздің басты себебі, Сіз осыған дейін біздің кешенге бірде-бір рет келмегенсіз. Біздің меймандарымыздың арасында сауықтыру кешені ашылған сәттен бастап, яғни 30-жылдан бастам уақыт бойы бізбен бірге болған клиенттеріміз бар. Бізде қонақ болған кез олар үшін өмірдегі естен кетпес сәттердің бірі болды. Мұның барлығын біз өз тарапымыздан Сіздер үшін көрсетілетін қызметімізге  берілген жоғары баға деп санаймыз және алдағы уақытта қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін сақтауға тырысамыз. 

Қызметкерлеріміздің қонақжайлығы мен кәсіпқойлығы, кепілді тазалық пен ыңғайлылық, кешен ғимаратының тарихи маңыздылығы – мұның барлығы Arasan Wellness & SPA-дағы демалыс пен сауықтандырудың сөзсіз басымдылығы.

Су шипажайындағы сауықтыру процедуралары топтамасының, сондай-ақ Arasan Wellness & SPA детоксикация мен SPA-күтудің тиімді бағасы шипажайларға қарағанда нөмір үшін төленетін ақының жоқтығына тікелей байланысты.

Жоғарғы дәрежедегі спорт құралдарымен жабдықталған Arasan Wellness & SPA фитнес-орталығы – Сіздің дене сымбатыңызды нығайтатын таптырмас орын.

Кешен Алматы қаласының қақ орталығында ыңғайлы жерде орналасқан, ол Сіздің демалыс пен денсаулығыңызға бөлінетін алтын уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Маңызды мәселелерден көп уақытқа алшақтамай-ақ, Сіз Arasan Wellness & SPA-да өзіңіздің денсаулығыңыз бен көңіл-күйіңізді едәуір жақсарта аласыз.

Arasan Wellness & SPA – қала орталығындағы шипажай.


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау