Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Монша кешені

Монша кешені

Отделение
Тариф
День недели
Время посещения
Кол-во часов
Цена тг.
Дополнительные услуги мужского отделения
Выберите услугу
Цена 0 тг.
Время процедуры:
Дополнительные услуги женского отделения
Выберите услугу
Цена 0 тг.
Время процедуры:
Марокканские SPA-процедуры (женское отделение)
Выберите услугу
Цена 0 тг.
Время процедуры:
Банные аксессуары
Выберите аксессуары
Цена 0 тг.
Общая стоимость 0 тг.

Внимание! Цены по многим процедурам указаны со специальными скидками для онлайн-оплаты.
Актуальные цены смотрите в прайс-листе

Инструкции и примечания

Монша кешені

Arasan Wellness & SPA жаңартылған монша кешені еліміздің үздік моншаларының классикалық дәстүрлерін сақтауда. Монша кешенінің ғимараты сәулетшілердің асқан дарындылығын және моншаларды салу мен қолданудағы ғасырлар бойы жинақталған әлемнің үздік тәжірибесін сипаттайды – мұнда барлығы егжей-тегжейлі қарастырылған. Монша кешені екі бөлімшеден тұрады: әйелдер және ерлер бөлімшесі. Оның әрқайсысында үш монша бар. Сіздер үшін орыс моншасы, фин саунасы және түрік моншасы (хамам),сонымен қатар біздің өзіміздің артезиан ұңғымасынан алынатын тұнық сумен толтырылған бассейн жұмыс істейді. Бассейндегі су үнемі ауыстырылып отырады. Сағат сайын судың қаттылығы мен құрамындағы хлордың деңгейі тексеріледі, ең жақсы зарарсыздандыру құралдары қолданылады.

Монша кешенінің әйелдер бөлімшесінің кең бөлмелері ыстық бу мен судың шипагерлік күшін бағалай білетін 230 әйелге бір  уақытта демалуға мүмкіндік береді.

Ерлер бөлімшесі одан да кең, онда бір уақытта 270 ер адам демала алады.

Монша кешенінде болған сәтте Сіздер SPA-күтудің: сыпыртқымен шабындыру, пилингтер, әртүрлі орау, массаждар, косметолог қызметі сияқты қосымша қызмет түрлері көрсетіледі. Осы көрсетілетін қызмет түрлері тізбесімен «Бағалар» бөлімінде танысуға болады.

Егер Сіздер отбасыңызбен, достарыңызбен, әріптестеріңізбен кездескіңіз немесе салтанатты іс-шараны өткізгіңіз келсе, онда Arasan Wellness & SPA кешенінде моншалық lux-нөмірлер бар, оның әрқайсысы біздің қонақтарымызбен қойылатын талаптарға жауап береді. Сіздер нөмірлік моншаны өзіңіздің ықыласыңыз бойынша таңдай ала аласыз. Сіздің таңдауыңызға келесі моншалар ұсынылады:

орыс нөмірлік моншасы;

фин нөмірлік моншасы;

араластырылған монша (қонақтың таңдауы бойынша ылғалды немесе құрғақ бу);

түрік нөмірлік моншасы;

жапон нөмірлік моншасы.

Орын

Ауа температурасы, °C

Салыстырмалы ылғалдылық, %

Орыс шабыну бөлмесі

50-75

80% төмен емес

Фин шабыну бөлмесі

120 артық емес

15% артық емес

Түрік шабыну бөлмесі

45-50

80% төмен емес

Орыс моншасы

Әртүрлі моншалар керек, әртүрлі моншалар маңызды! Моншаны дәріптеуші әркімнің жақсы көретін заты бар. Орыс моншасы – ыстық және ылғалды буымен ерекшеленеді. Орыс шабыну бөлмесінде өте ыстық болғандықтан онда ұзақ уақыт отыру қиын, тіпті орыс моншасы әуесқойлары арасында төзімділікке өткізілетін жарыстар бар. Бірақ та қалыпты өмірде ондай тәжірибелерді өткізудің қажеті жоқ – денсаулығыңызға зиян келтірмес үшін өз ағзаңыздың мүмкіндігі мен қажеттілігіне басты назар аударыңыз. Орыс моншасының температурасы мен ылғалдылығының әсерінен терінің көздері ашылып тазаланады, ағзадағы сусын белсенді түрде алмасады.

Монша сыпыртқылары кеңінен қолданылады. Алдын ала кептіріліп емдік шөптерден (қайың, жөке, арша және т.б.) жасалған сыпыртқылар ыстық суда жұмсартылады, олармен шабыну бөлмесінде қыздырылған денені ақырындап соғады. Мұнда дене терісіндегі ашық жасушалар арқылы ағзаға өсімдіктердің емдік қасиеті енеді.

Сыпыртқымен шабынудың әртүрлі технологиялары бар, сондықтан едәуір пайда мен жайлылықты алу үшін біз Arasan Wellness & SPA кешенінің кәсіби моншашыларымен көрсетілетін қызмет түрлерін пайдалануды ұсынамыз.

Монша сыпыртқылары, сондай-ақ өзге де монша құралдарының көптеген түрлері Arasan Wellness & SPA кешенінің шағын маркетінде сатылады.

Дене терісі мен көңіл-күйіңіз үшін бірден салқын немесе бірден ыстық температурамен әсер ету өте пайдалы. Салқын-ыстық су процедураларымен әуестенушілер үшін Arasan Wellness & SPAбулану бөлмелеріне жақын жерлер су құятын арнайы шелектермен жабдықталған, оларды булану бөлмесінен шыққан кезде бірден салқындау үшін қолдануға ыңғайлы.

Орыс моншасында қыздырылған денеге жасалған массаждың пайдасы өте зор. Arasan Wellness & SPA кешенінің кәсіби массажшылары ағзаны сауықтыруға шын ықыласпен көмектеседі. Arasan Wellness & SPAкешенімен көрсетілетін қосымша қызмет түрлері арасында массаждың сан алуан түрлері бар.  

Орыс моншасы әртүрлі науқастарды емдеуге септігін тигізеді.

Arasan Wellness & SPA кешенінің орыс моншасының әрбір пешінде 9 тонна шойын қоспалары бар, олардың температуралары сағат 23.00-ден 6.30-ға дейінгі аралықта 500 градусқа дейін қыздырылады. Шойынның ыстықты ұзақ уақыт сақтайтын қабілеті бар. Түнде қыздырылғаннан кейін пештер біздің қонақтарымызға – орыс моншасының әуесқойларына өз жылуын сыйлайды. Бұл тәсілден басқа орыс моншасын ағашпен жағу – технологиялық емес, сонымен қатар экологияға зиян келтіретін әдіс. Arasan Wellness & SPA кешенінің ең үздік орыс моншасы өз қонақтарын дүйсенбіден басқа күндері таңғы 7.00-ден 23.30-ге дейін күтеді. Arasan Wellness & SPA кешеніне қош келдіңіздер!

Фин моншасы

Фин саунасы құрғақ ыстық ауасымен әйгілі. Фин саунасының құрғақ ыстығын ағзамыз орыс моншасының ылғал буына қарағанда температурасының жоғары болғанына қарамастан жеңіл қабылдайды. Мұнда сыпыртқыны қолдана алмайсыз – жапырақтары құрап түсіп қалуы мүмкін.

Егер Сізге ылғалды тропикалық климат жақпаса, онда фин моншасын таңдаңыз.

Орыс моншасында қыздырылған шойын пештің ішінде таса жерде болады, ал саунаның пешінде біз ауаны қыздыратын тастарды көреміз.

Фин саунасынан шыққан кезде, орыс моншасынан шыққан сәттегі секілді бассейннің салқын суына шомыла аласыз немесе арнайы ілінген шелектерден суға шайына аласыз.

Біресе ыстық, біресе салқын сумен өткізілген процедуралар қан тамырларын біресе кішрейтіп, біресе ұлғайтады. Осының барлығы жалпы ағзаның, терінің жай-күйіне оң әсерін тигізеді.

Түрік моншасы

Егер орыс моншасы мен фин саунасы Сізге ауыр тиетін жағдайда Сіздерге түрік хамамы өте ыңғайлы болады. Жоғары ылғалдылық және салыстырмалы төмен температура – мұның барлығы түрік моншасының айрықшалығы болып табылады.

Сіздің денеңізді хамам ішінде өзі ақ, өзі қою, өзі жылы бу орайды. Қабырғалар мен жатын жерлердің жылылығы дене ширығуын қалпына келтіреді, өзіңіз ләззат алып, көңіліңіз орнына түседі.

Түрік моншасының ылғал буы теріңізді ылғалдандырады, ал жылу денеңізді босатып, күшіңізді қалпына келтіреді.

Бассейн

Arasan Wellness & SPA монша кешенінің әйелдер және ерлер бөлімшелері бассейндермен жабдықталған, олар жеке меншік артезиан ұңғымасының алынған таза тұнық сумен толтырылған. Бассейндер қазіргі заман талабына сәйкес тазаландыру және зарарсыздандыру жүйесімен жабдықталған. Бассейн суындағы хлор деңгейі мен оның қаттылығы сағат сайын тексеріледі.

Бассейндер тереңдігі – 160 см.

Бассейні бар монша – бос уақытты өткізуге арналған таптырмас орын. Мұнда Сіз демалып қана қоймай, сауықтыру процедураларын қабылдай аласыз. Ыстық моншадан кейін бассейннің салқын суына түскенге не жетсін – бұдан артық ләззат жоқ. Мұның барлығы өз алдына тамырлардың қалыпты жұмысына оң әсерін тигізеді. Адамның терісі де оңтайлы жаққа өзгереді, өн бойында қан жүгіріп, әжімдері жазылып тартыла бастайды.

Arasan Wellness & SPA кешені моншасының люкс-нөмірлерінде шағын ғана бір топ адамдарға арналған бассейндер бар.


Онлайн-бронирование