Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Моншаның ерлер бөлімшесі

Ерлер моншасы – үлкен қаланың күйбің тіршілігі арасындағы тыныштық аралы, онда істер туралы уақытша ұмытып, өз-өзіңмен оңаша қалып жақсылап демалуға болады.

Монша кешенінің ерлер бөлімшесінде моншаның 3 түрі бар: фин саунасы, орыс моншасы және хамам (түрік моншасы).

  • Орыс моншасы ыстық буымен және хош иісті сыпыртқысымен булану мүмкіндігімен әйгілі.
  • Ыстық құрғақ буды ұнатушыларға фин саунасы дайын.
  • Нәзік орайтын буды бағалаушыларға біз шығыс моншасын (хамам) ұсынамыз.

Сіздерді кең шабыну бөлмелері және өте таза тұнық сулы бассейн күтуде. Салқын-ыстық су процедураларымен әуестенушілер үшін шабыну бөлмелеріне жақын жерлер су құятын арнайы шелектермен жабдықталған. Біресе салқын, біресе ыстық температуралардың әсері ағзадағы заттардың алмасуын арттырады, көңіл-күйді көтереді. Сонымен қатар Сіздер монша сыпыртқыларымен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін білетін кәсіби шабындырушылармен көрсетілетін қосымша қызмет түрлерін пайдалана аласыздар (сыпыртқыны өздеріңізбен бірге алып келуге немесе оны монша құралдарының көптеген түрлері сатылатын Arasan Wellness & SPA кешенінің шағын маркетінде сатып ала аласыз).

Arasan Wellness & SPA кәсіби массаж жасаушылары бұлшық еттің ширығуын шешуге көмектеседі. Моншада қыздырылған дене массаждың пайдалылығын одан әрі арттырады.

Arasan Wellness & SPA монша кешенінің ерлер бөлімшесінде VIP-кабинкалар бар. Онда ер адамдар демалыс бөлмесіне біздің лобби-бар мәзірінен дәмді тағамдар мен сусындарға тапсырыс беріп, өздерінің достарымен кездесе алады.

Орын Ауа температурасы, °C Салыстырмалы ылғалдылық, %
Орыс шабыну бөлмесі 80-100 80% төмен емес
Фин шабыну бөлмесі 100-110 15% артық емес
Түрік шабыну бөлмесі 45-50 80% төмен емес

Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау