Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Моншаның әйелдер бөлімшесі

Қазіргі заман әйелінің өмірлік ырғағы жұмыстан тыс уақытта неғұрлым оңтайландыруды талап етеді, өйткені барлық үй жұмыстарын істеп, отбасының қамқоры бола отырып өзінің сымбаты мен сұлулығын сақтап қалу әйел үшін өте маңызды. Кей-кезде күнделікті өмір күйбеңінен тезірек босап, құрбыларымен кездескілеріңіз келеді. Әйелдер моншасы Сізге осы мәселені шешуге бірден көмектеседі. Мұнда Сіздер жақсы демалып қана қоймай, сонымен қатар өз қал-жағдайыңызды жақсартып, әл-ауқат жинай аласыз. Тек қана құрбыларыңызбен кездесуден ғана ләззат алмай, сондай-ақ моншаның және өзге де SPA процедураларының сыйқырлы әсерімен асқан сұлу бола аласыз!

Arasan Wellness & SPA монша кешенінің әйелдер бөлімшесінде моншаның 3 түрі ұсынылған: орыс моншасы, фин саунасы және түрік хамамы. Әрқайсысының қызметімен танысып, олардың өзгешелігі мен әсемдігін тамашалаңыз.

  • Орыс моншасы өзінің өте ыстық буымен және хош иісті сыпыртқыларымен әйгілі.
  • Өз ағзасын құрғақ ыстық бумен қалпына келтіруді бағалайтындарды фин саунасы шақырады.
  • Нәзік буды бағалаушыларға біз шығыс моншасын (хамам) ұсынамыз.

Сіздерді кең бу бөлмелері және өте таза тұнық сулы бассейн күтуде.

Салқын-ыстық су процедураларымен әуестенушілер үшін шабыну бөлмелеріне жақын жерлер су құятын арнайы шелектермен жабдықталған.

Біресе салқын, біресе ыстық температуралардың әсері ағзадағы заттардың алмасуын арттырады, көңіл-күйді көтереді. Сонымен қатар Сіздер монша сыпыртқыларымен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін білетін кәсіби шабындырушылармен көрсетілетін қосымша қызмет түрлерін пайдалана аласыздар (сыпыртқыны өздеріңізбен бірге алып келуге немесе әртүрлі монша құралдарының көптеген түрлері сатылатын Arasan Wellness & SPA кешенінің шағын маркетінде сатып ала аласыз).

Arasan Wellness & SPA кәсіби массаж жасаушылары бұлшық еттің ширығуын шешуге көмектеседі. Моншада қыздырылған дене массаждың пайдалылығын одан әрі арттырады.

Тек қана Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелге де танымал әйгілі Arasan Wellness & SPA монша кешеніне қош келдіңіздер!


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау