Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Экзотикалық SPA-массаждар

Массаж Арасан«Инь-Ян» шығыс массажы

2 массаж жасаушы, ер адам мен әйел адам – Сізді ғажайып релакс әлеміне жеткізеді. Ерте қытай философиясындағы «Инь» мен «Янь» екі қарама-қарсылықты білдіреді, мысалы: күн мен ай, аспан мен жер, ыстық пен суық. Осылайша ер және әйел қуатын араластырып жасалған массаждың бір ғажайып құпия сыры бар. Шеберлер массажды шынтағымен және қол иығымен жасайды. Бұл массаж дене ішіндегі қуат көзін жандандырады, оған қоса лимфодренаж және бұлшық еттер терең уқаланады. Бұл массаж нәтижесінде ісіну жойылады, зат алмасу қалыпқа келеді, тері тегістеледі. Дағдарыс пен ширығудың орнына денеңіз жаңа қуатқа ие болады.

Тибет от массажы

құрамында массаж қимылдары мен отпен қыздыру үйлескен таң қалдыратын процедура. Бұл массаж тері астындағы температураны арттырады, тереңдегі бұлшық еттерді қыздырады, түйнектелуді жойып жергілікті қан айналымын жақсартады. Артық салмақты тастаушыларға майды жою үшін таптырмайтын тәсіл болып табылады. Осы массаж техникасы ойлап табылған Тибет елінде оны от күшімен адам өрісін тазалау және оң қуатпен толтыру үшін пайдаланылады.

Қытай нүкте массажы

 Аурулардың көп түрін дәрісіз емдеудің тиімді әдістерінің бірі. Массаж қан айналымын қалыпқа келтіреді, ағзаның қорғаныс қуатын күшейтеді. Массаж жасаушы дәстүрлі қытай медицинасы мен философиясына сәйкес ағзадағы Ци өмір қуаты жүретін өріс жолдарымен жұмыс жасайды. Меридиандар бойында орналасқан биологиялық белсенді нүктелерге әсер ете отырып, ағзаның органдары мен жүйелеріне энергетикалық импульстарды таратады. Тереңінен әсер ету нәтижесінде массаж кешенді сауықтыру ретінде әсер етеді.

«Апельсинмен ләззат» апельсиндерімен массаж

Кәдімгі апельсиндермен барлық SPA-массаж жасау. Апельсин терімен үйкескеннен кейін дененің ақауы бар жерлері аминоқышқылдар мен өзге де қоректі заттар бір сәтте терімен қанығады. Массаж өз нәтижесін көп күттірмейді. Үшінші процедурадан кейін Сіз артық сантиметрлердің көзіңізше ғайып болып жатқанын көресіз.

Бали массажы

Массаждың бұл түрі бұлшық еттерге тереңінен әсер етуге бағытталған. Бұл техника дағдарыс жайынан, нервтің бұзылуынан арылтады, барлың денедегі бұлшық ет ширығуын жояды. Бали массажы спорт жарақаттарын, бас ауруы мен ұйқысыздықты емдеуде өз септігін тигізеді.

Стоун-массаж

Ыстық тастармен терапия, терең релаксқа жетуге, ішкі жай-күйдің үйлесімді болуына ықпал етеді, дағдарыс пен ширығуды жояды. Тастар жылуы қан айналымын және зат алмасуын жақсартады, осының нәтижесінде жасушалар жаңарып, оттегімен және қажет минералды қорек заттарымен қоректендіріледі.  Тастар салмағы мен жұмсақ жерлердің мануал массажы лимфа айналымының күшеюіне ықпал етеді, зат алмасуы нәтижесіндегі қалдықтар тез шығарылады, ағза өзінен-өзі тазара бастайды. Стоун-терапия қуаныш гормондары – эндорфиндерді шығаруға көмек етеді.


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау