Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

SPA-массаждар

SPA по немецкой методикеЛимфодренаж массажы

Барлық ағзаға сауықтандыру және жасарту әсерін тигізеді, лимфо айналымының жылдамдығын 8 есе арттырады, осының нәтижесінде қалдықтар мен токсиндерден тез арада айырыла бастайды. Ағзаның тазаруы және қан айналымының жандануы нәтижесінде ағзаға қоректі заттар мен оттегі көп қамтылады, сондықтан барлық ағзаның жұмысы жақсарады. Зат алмасуы жанданады, ол өз алдына салмақтың азаюына әкеліп соғады. Жасушалар арасындағы целлюлиттің пайда болу себептерінің бірі болып табылатын   артық сұйықтар жойылады. Баяу ырғақтық қозғалыс нерв жүйесіне оң ықпал етіп, жалпы дене мен нерв жүйесінің ширығуын жояды.

«Дене сымбатын мүсіндеу» денені сомдау

Әдемі сұлбаларды жасаудың тиімді әдістерінің бірі. Кәсіби массаж жасаушы сомдау массажы техникасын қолдана отырып Сіздің денеңізді қайтадан мүсіндеп шығаруы мүмкін. Сіз терінің босауынан айырыласыз, оның жағдайы едәуір жақсарады, дене бұлшық еттері едәуір тартылады, целлюлит бірсыпыра азаяды немесе мүлдем кетеді, ақауы бар жерлердің көлемі азаяды, Сіздің денеңіз әдемі мүсіндеп сымбаттана түседі.

Жалпы классикалық массаж

Лимфа және қан айналымын жақсартады, зат алмасуын жандандырады, бұлшық еттер мен жасушалардың оттегімен қанығуына көмектеседі, бұлшық еттің ширығуын жояды, коллаген мен эластиннің өндірілуін жандандырады, қандағы эндорфиндер деңгейін арттырады, дағдарыс пен күйзелісті жояды, жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады, салмақ тастауға әсер етеді.

Емдік массаж

Қонақтың өзін алаңдататын дене бөліктеріне ерекше назар аудара отырып жалпы денені уқалау, акупунктура нүктелеріне әсер ету.

Антистресс-массаж 

Терең релаксқа арналған таптырмас құрал. Бұл процедура нерв жүйесін қалпына келтіруге арналған. Сеанс барысында алаңдаушылық жойылады, қан айналымы жанданады. Сеанс аяқталғаннан кейін өзіңізді жеңіл сезініп, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады, ал жұмыс істеу қабілетіңіз жаңа деңгейге артады.

Аромамассаж

Адам ағзасына тері  және тыныс алу арқылы енетін хош иісті заттардың қызметімен массаж түрлерінің пайдалы әсерін одан әрі асыртады.

Екі әдістеменің үйлескен түрі әрбірінің әсерін одан әрі арттырады. Массаж зат алмасуын арттырады, тұрып қалу құбылысын жояды, терінің бетін тегістейді, жалпы сауықтырады, ал хош иісті заттардың зарарсыздандыратын, вирусқа, қышымаға қарсы қабілеттері бар. Процедура дағдарысты жойып, көңіл-күйді көтереді, ағзаның қорғаныс күштерін арттырады.

Микс-массаж

Тай массажының, швед релакс-массажының, (Deep Tissue Massage) ішкі бұлшық еттер массажы, кинезио-рефлекс терапиясының, иога массажы мен цигун массажы жинақталған қосындысы. Шығыс және Батыс техникасы ерекше сауықтандыратын және жұғымды процедурада бір-бірімен үйлескен. Жеке адамға байланысты іріктелген массаж техникасы қажет әсерге қол жеткізеді.


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау