Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Фитнес орталығы

Фитнес орталығы

Выберите вариант посещения
Выберите вариант карты
Выберите период карты
Цена 0 тг.
Время посещения:
Общая стоимость 0 тг.

Внимание! Цены по многим процедурам указаны со специальными скидками для онлайн-оплаты.
Актуальные цены смотрите в прайс-листе

Инструкции и примечания

Фитнес орталығы

Arasan Wellness & SPA кешенінің фитнес орталығы – өте жоғары кластық «Technogym» спорт құралдарымен жабдықталған жаттығу залы, ең озат жаттықтырушылар, танымал топтық бағдарламалар, душпен жабдықталған киім ауыстыруға арналған жайлы бөлмелер.

Arasan Wellness & SPA фитнес орталығында бірегей жеке және топтық бағдарламалар бойынша жаттықтырулар өткізіледі. Сіздерді қолайлы баға, өте сапалы спорт құрал-жабдықтары және жоғары білікті мамандардың ерекше қамқорлықпен бақылай отырып жаттығу мүмкіндігі ерекше қуантады деп ойлаймыз. Біздің фитнес орталығының тағы бір ерекше мүмкіндігі оның Алматы қаласының қақ төріндегі аты аңызға айналған Arasan Wellness & SPA кешенінде орналасуы. Жаттығу алдында Сіздер дәрігерлер байқауын өтіп, фитнес дәрігерінің алғашқы ақысыз кеңесін аласыз, ол Сіздің денсаулығыңызға сай салмақ режимін анықтайды және тамақтану режимі бойынша кеңесін береді. Мұның барлығы Сіздің фитнеспен алаңсыз айналысуыңызға қолайлы жағдай жасайды және дене сымбатын қысқа мерзімде түзетуге мүмкіндік береді.

Біздің қызметкерлер Сізге жоспарланған спорт белсенділігіңізге сәйкес абонемент түрін таңдауға қуана көмек көрсетеді. Клуб карталары түрлерінің тізбесінде Arasan Wellness & SPA монша кешеніне шексіз келу мүмкіндігі бар абонементтерде енеді.

Монша-сауықтыру кешенінің өзге бөлімшелерінің қызметтері фитнес залындағы Сіздің дене сымбатын жақсарту жөніндегі жаттығуыңызды одан әрі толықтырады. Мұнда Сіз Arasan Wellness & SPA кешенінде толыққанды сұлулық пен денсаулық инфрақұрылымда өзіңізді күту режимін құруыңызға болады. Сізге керектің бәрі осы жерде!


Онлайн-бронирование