Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Arasan Fitness жаттығу залдары

Өз денсаулығы мен сырт келбетін күту – «трендте» болудың белгісі. Бұл өмірдің жаңа деңгейі, спортпен әуестенетін, салауатты өмір салтын ұстанатындар және өздерін үнемі жетілдіру үстіндегі адамдар арасынан жаңа достар. Arasan Wellness & SPA кешенінің жаттығу залында Сіздерді үнемі қуана қарсы алады. Итальян өндірушінің жоғары сұрыптағы TechnoGym спорт құралдары, американдық Hoistкүш рамасы және біздің білікті мамандарымыз Сіздер үшін қызмет көрсетеді.

Жаттығу залына ер адамдармен мен қатар әйелдер де келе алады. Залдың жалпы аумағы 600 м2.

Мұнда Сіздер Германияда өндірілген сапалы спорт тағамын сатып ала аласыз.

Детоксикация бағдарламалары мен SPA-күту, монша мен сауна, сонымен қатар су шипажайының процедуралары жоспарланған нәтижеге тез қол жеткізіп, оларды бекітуге мүмкіндік береді. Ағзаны сауықтыру жолында кешенді шаралар қолдану өте маңызды болып табылады.


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау