Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Орыс моншасы

Arasan Wellness & SPA кешеніндегі нөмірлік орыс моншасы 10 адамға дейінгі достар тобының демалуына арналған. Ылғал булы және монша сыпыртқылары бар орыс шабыну бөлмесі өз қонақтарын күтуде. Орыс халқының ұлттық дәстүрі сипатында безендірілген бөлме, самауырлар, ағаш үстелі, сурет салынған ыдыс-аяқ, мұның барлығы Сізге ертегі әлеміне барғандай әсер етеді. Бұл нөмір отбасымен, сондай-ақ достармен немесе әріптестермен бірлесіп демалуға арналған орын. Нөмірде бильярд, караоке, шомылатын жер, душ кабиналары, контрасты душ, демалып жататын орындар, массажға арналған жылы мәрмәр үстелдер бар.

Келушілер бардың қызметін пайдалана алады және кез-келген монша процедурасына тапсырыс бере алады.

Орыс моншасы ағзаның ішкі қуатын қалпына келтіруге және «екінші тынысты» ашуға көмектеседі. Бұлт тәрізді жеңіл бу Сізді асқан сүйіспеншілікпен орайды, ағзаңыз зиынды қылықтардан айырылады, денсаулығын нығайтады, тері беттері тазарып сауыға бастайды.

 


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау