Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Жапон моншасы

Arasan Wellness & SPA кешеніндегі жапон моншасы – бұл Жапония елінің мәдени құндылықтары мен қазіргі заманға сай технологияларының асқан үйлесімділігі. Жапон стилінде безендірілген монша нөмірінде 4-адамға дейін жайлылықпен орналаса алады. 

Интерьердің үйлесімділікпен жинақталған бөлшектері Сізді бір уақытқа Шығыс еліне сапарға жеткізеді. Қонақтардың назарына құрамында тағамдар түрлері кеңінен ұсынылған және шайдың 25 түрі бар food service ас мәзірі беріледі.

Нөмірде шабыну бөлмесі, гидромассаждық бассейн, караокемен және жатақтармен жабдықталған демалыс аймағы, сондай-ақ массажға арналған мәрмәр үстелі бар.

Келушілер бардың қызметін пайдалана алады және кез-келген монша процедурасына тапсырыс бере алады.


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау