Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

Бальнеологиялық ванналар

Шүйгіншөп немесе жаужапырақ

Тыныштандырады және босаңсытады.

Талшын

Ісікті басады, шаршау сезімін жоғалтады, тамырларды нығайтады, барлық ағзаға оң әсер етеді.

Гүлшетен немесе лаванда

Ішкі байсалдылықты қалпына келтіреді, қан айналымын жақсартады. Мұндай процедураларды жүйке жұқарған кезде, шаршап шалдыққан кезде қабылдаған жөн болады.

Түймедақ

Түймедақ тұнбасы қосылған ванна теріге және жалпы ағзаға ісіну мен қабынуға қарсы жақсы көмектеседі. Орталық нерв жүйесін қалпына келтіреді.

Бишофит

Бишофит (магний тұзы) қосылған ванна барлық ағзаға жақсы әсер етеді, ширығу мен ашулануды тыяды, зат алмасуын жеделдеді, дене салмағының азаюына ықпал етеді, теріні тегістеп, жұп-жұмсақ қылдырады. Жалпы остеохандрозды, артрозды, артритті, радикулитті және тағы басқаларды жүйелі түрде емдеуде қолданылады.

 

Пантылық ванналар

Пантылар – бұл маралдың әлі қатайып сүйекке айналмаған мүйіздері, оның құрамында табиғаттар бар 22 аминоқышқылдың 18-і бар. Пантылық ванналар ағзаның жасаруына,  иммунитеттің нығаюына, қысымның қалпына келуіне, ер адамның белсіздігінің жойылуына, әйелдің құмартуын арттыруға ықпал етеді.

 

Су асты душ массажы

Судағы қолмен аквамассаж тез салмақ тастау, дене сымбатын түзету, май қатпарларынан және целлюлиттен айырылу үшін қолданылады. Процедура жалпы хал-жағдайды жақсартады, зат алмасуын қалпына келтіреді, ағзадан қалдықтарды шығарады.

Гидромассаж ваннасы

Аса сергектік сезімін сыйлайтын, иммунитетті көтеретін, тамырларды қатайтатын және терінің минералдық балансын қалпына келтіретін су асты массажы.


Монша люкс нөмірлерін онлайн-брондау