Онлайн-оплата всех услуг

Call-орталығы: +7 (727) 390 10 10 | +7 (702) 390 10 10

SPA-бағдарламалар

SPA по немецкой методике

«Теңіз самалы» толық тазалану сеансы

Сергітетін массаж  жұмыс істеу қабілеттілігін және ашулану мәселесін шешеді, энергетикалық каналдарды ашып, адамның биоөрісін түзетеді.

Балқарағай бөшкесі нерв жүйесіне оң әсер етеді, иммунитетті жоғарылатады және зат алмасуын қалыпқа келтіреді, бұлшық еттер мен буындардағы қақсауды жояды, теріні ашып тазалайды, жалпы көңіл-күйіңізді жақсартады.

«Майне Базе» тұзы қосылған минералдық ванна (8 жартылай бағала тастар ұнтағымен) ағзадан қышқылдарды шығарады және ағзаны минералдық заттар мен микроэлементтермен қамтамасыз етеді.

Денеге щеткамен массаж жасау. Арнайы щеткалардың көмегімен дененің сырты тазаланады, ол дене терісінің қатпарланған бетін алуға мүмкіндік береді.

«Майне Базе» тұзы қосылған минералдық тазалау терінің қатпарланған бөлігін өте жақсы тазалайды, қалдықтар мен токсиндерді шығарады, теріні бұлшық еттерге терең ену арқылы қайта жаңартып сауықтырады.

Дене мен бетке массаж жасау

Су балдырларымен (ламинария) орау қалдықтармен бірге артық сұйықты шығарады, терінің созылымдылығын арттырады, жақсы сергітеді.

Бетке арналған балдырлармен және минералдармен жасалатын маска.

«Тазалану және сергіту» SPA-бағдарламасы

Сергітетін массаж  жұмыс істеу қабілеттілігін және ашулану мәселесін шешеді, энергетикалық каналдарды ашып, адамның биоөрісін түзетеді.

 «Майне Базе» тұзы қосылған минералдық ванна (8 жартылай бағала тастар ұнтағымен) ағзадан қышқылдарды шығарады және ағзаны минералдық заттар мен микроэлементтермен қамтамасыз етеді.

Денеге және бетке щеткамен массаж жасау. Арнайы щеткалардың көмегімен дененің сырты тазаланады, ол дене терісінің қатпарланған бетін алуға мүмкіндік береді.

«Майне Базе» тұзы қосылған минералдық тазалау терінің қатпарланған бөлігін өте жақсы тазалайды, қалдықтар мен токсиндерді шығарады, теріні бұлшық еттерге терең ену арқылы қайта жаңартып сауықтырады.

Бетке минералдармен жасалатын маска.

«Жасару және сергіту» SPA-бағдарламасы

Сүт-сұлы ваннасы – хан секілді теріні күту. Бұл процедура жасартады, қайта жаңартады және сергітеді, аздап ылғалдандырады, өзінің коллаген шығаруына ықпал етеді.

Жаңарту кремімен тазалау. Кремнен жасалған тазалағыш екі түрлі түйіршіктерімен теріні сипап тазалайды, қажеті жоқ жасушаларды кетіреді. Бет терісі ажарланып, тегістеледі, оның құрылымы жақсарады.

Ашық қызыл түсті балшықпен орану терінің сергектігі мен серпінділігін арттырады, қан айналымын жақсартады, әжімдерді жазады, теріні оттегімен қанықтырады. Ашық қызыл балшық – құрғақ ылғалданбаған тері үшін таптырмайтын құрал.

Аромамассаж (эфирлік майлармен жасалатын массаж) бұлшық еттерді босатады, терінің жай-күйін жақсартады және ағзаны сауықтырады. Денені эфирлік майлармен сылаған кезде олардың белсенді бөліктері лимфаға және қан жүйесіне еркін кіріп, бүкіл ағзаға тарайды.

 «Релакс и антистресс» SPA-бағдарламасы

Шоколад ваннасыбақыт гормондары – эндорфиндердің шығуын асырады, теріні сергітіп ылғалдандырады, оны микроэлементтермен және дәрумендермен қанықтырады. Теріге шоколадтың ғажайып әсері тиеді. Ол тазалануға және целлюлиттен айырылуына ықпал етеді.

Бас пен денені кофемен тазалау – теріге арналған ғажайып процедура. Бұл процедура теріңізді жандандырады, зат алмасуын асырады, ағзадан қалдықтарды шығаруға көмектеседі, теріні қатпарланған бөлшектерден арылтады, ұсақ тесіктерді ашады, қан айналымын жақсартады және целлюлитке қарсы мықты құралдардың бірі болып табылады. Шаш мұндай тазалаудан кейін қалыңдап өсе бастайды. Бұдан кейін көп уақыт бойы Сіздің денеңізден кофенің хош иісі шығады.

Ыстық тастармен массаж (Стоун-массаж)

Ыстық тастармен жасалатын терапия, терең релаксқа жетуге, ішкі жай-күйдің үйлесімді болуына ықпал етеді, дағдарыс пен ширығуды жояды. Тастар жылуы қан айналымын және зат алмасуын жақсартады, осының нәтижесінде жасушалар жаңарып, оттегімен және қажет минералды қорек заттарымен қоректендіріледі.  Тастар салмағы мен жұмсақ жерлердің мануал массажы лимфа айналымының күшеюіне ықпал етеді, зат алмасуы нәтижесіндегі қалдықтар тез шығарылады, ағза өзінен-өзі тазара бастайды. Стоун-терапия қуаныш гормондары – эндорфиндерді шығаруға көмек етеді.

Ерлерге арналған «Детокс және қалыпқа келу» SPA-бағдарламасы

Шарко душы. Бұл процедура қан айналымын жақсартады, иммунитетті нығайтады, бас және арқа миын ынталандырады. Мұндай душ целлюлит пен артық салмақ болған кезде өте тиімді, сонымен бірге нервтің ширығуын тоқтады және барлық ағзаның жасару механизмін іске асырады.

8 жартылай бағалы тастардың ұнтағы қосылған «Майне Базе» тұзы негізіндегі ванна

Қауіпсіз және тиімді тазалануға арналған таптырмас құрал. Тұздың қажет  мөлшері қосылғаннан кейін су рН = 8,5 көрсеткішіне ие болады, мұндай көрсеткіш дені сау аяғы ауыр әйел адамының құрсағындағы рН тең. Мұндай ваннаны қабылдау біздің ағзамызды салауатты сілті ортасына әкеледі. «Майне Базе» қоспасы терінің ашық ұсақ тесіктері арқылы қышқылдар мен токсиндерді шығарады.

Тұзбен пилинг процедурасы нәтижесінде теріміз қатпарланған беттерінен тазарады, шлактар мен токсиндердің шығуына ықпал етеді, терінің астына терең бойлауы арқылы теріні жаңартып сауықтырады.

 Жапырақ (тірі) балдырлармен орану ағзадан артық сұйықтарды, токсиндерді шығарады, жарақаттарды жазады, терін жасартады, зат алмасуын асырады және теріні пайдалы элементтермен және аминоқышқылдармен қанықтырады, көңіл-күйді көтереді. Бұл процедура – целлюлитпен және артық салмақпен күрестің таптырмас әдісі.

Жалпы классикалық массаж лимфа және қан айналымын жақсартады, зат алмасуын жандандырады, бұлшық еттер мен жасушалардың оттегімен қанығуына көмектеседі, бұлшық еттің ширығуын жояды, коллаген мен эластиннің өндірілуін жандандырады, қандағы эндорфиндер деңгейін арттырады, дағдарыс пен күйзелісті жояды, жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады, салмақ тастауға әсер етеді.